Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады •

    «Бірнеше олигархтың жерін тексеріп жатырмыз» — Депутат Базарбек баласының коляскасы өртенуі туралы айтты

    Депутат Бақытжан Базарбек баласының арбасының өртелуі өзінің Мәжілістегі белсенділігімен байланыстырады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    “Жер аманаты” республикалық комиссиясымен бірге Forbes тізіміне енген бірнеше олигархтың жерін тексеріп жатырмыз. Іле-Алатауы ұлттық саябағының жанында Новиков деген генералдың жері бар, оны да тексергелі отырмыз. Одан бөлек, BI-Group-тың жерлерін тексеріп жатырмыз. Қай жақтан қауіп-қатер төнгенін білмеймін, бірақ заманымыздың сұр заман болғаны соншалық, ешкім қорғалмаған. Қарапайым азамат та, депутат та қорғансыз”, – дейді депутат.

     

    Ол арбаның өртелуі жай бұзақылық ретінде қарастырылғанына наразы.

     

    “Полицияға жүгініп, қылмыстық іс қозғау керегін айттым. Қылмыстық кодексте “Парламент депутатының қызметіне кедергі жасау” деп аталатын 373-бап бар. Бірақ полиция ол бап бойынша емес, “Бұзақылық” бойынша іс қозғап отыр”, – дейді Бақытжан Базарбек.

     

    Айта кетейік, бұған дейін белгісіз біреулер депутат Базарбектің баласының коляскасын өртеп кеткен.

     

    «Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоққыға ұқсайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын квартирамыздың есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесің!» — деп жазды депутат.

     

    Бұдан бұрын полиция күдіктінің ұсталғанын мәлім еткен.

    Бақытжан Базарбек мәжілісте жер мәселесін жиі көтереді. Екі күн бұрын ғана бір топ сенатордың «жер кодексіне күмәнді және аса қауіпті түзетуді ұсынып» отырғанын, сенаторлар қорғалатын табиғи аумақтардың бір бөлігін ауылды елді мекендердің құрамына ауыстыру мүмкіндігін беруге тырысып жатқанын мәлім еткен еді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →