Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жарылыс болып, екі бала зардап шекті • «Қазақмыс» Ұлытауда спорт, білім және қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуда • Көліктің сау-тамағын қалдырмайтын жол: Қарағандыда шұңқырдан көз ашпаған жүргізушілер әкімдіктен нақты әрекет талап етуде  • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Алматыда жарылыс болып, екі бала зардап шекті • «Қазақмыс» Ұлытауда спорт, білім және қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуда • Көліктің сау-тамағын қалдырмайтын жол: Қарағандыда шұңқырдан көз ашпаған жүргізушілер әкімдіктен нақты әрекет талап етуде  • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) •

    Жаңаөзенде “Өзенмұнайгаз” мердігер мекемесінің жұмысшылары 10 күннен бері ереуілдеп жатыр

    Жаңаөзенде “Өзенмұнайгаз” компаниясына қызмет көрсететін «ТрубРемЦентр» мекемесінің жұмысшылары ереуілдеп жатқанына он күн болды. Олар еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жалақыны көтеруді, өздерін қудаламауды, заңсыз жұмыстан шығарғандарды жұмысқа алуды талап етеді.

    «ТрубРемЦентр» ЖШС жұмысшылары Жаңаөзендегі мекеме ғимараты алдына екі киіз үй тіккен. Олар жұмыс беруші талапқа назар аудару орнына жұмысшыларды жұмысқа шығармай, еңбекақасының жартысын ғана төлеп, мекеме құрал-жабдықтарын модернизацияламақ болғанын айтады.

    — Бүгін он күн болды. 13 мамырдан бері киіз үйде отырмыз. “Өмірге қауіпті құрал жабдықпен жұмыс істемейміз” деген талапты ереуіл деп танып сотқа да берді. Не биліктен, не жұмыс беруші тараптан ешкім келмеді. 112 адам жүрміз. Бізді қорқытып, қысым көрсетіп жұмыстан шығартын басшының жұмыстан кетуін, құрал- жабдықты жаңалауын, жалақыны көтеруді талап етіп әр жұмысшы жеке арыз жазды. Ол бас прокуратураға да, еңбек министрлігіне де, жергілікті орындарға да жіберілді, — дейді осы мекеменің кәсіподақ жеткшісі Бақытжан Меретаманов.

    Оның сөзінше, жұмысшылар алдымен 24 наурызда ұжымдық арыз жазып, талаптарын хатпен жолдаған. Татуласу, арбитраж комиссиялар жиыны да өткен.

    — 50% жалақы төлеп “мекеме жұмысын тоқтатып, құрал-жабдықтарды жаңартамыз” деген бұйрық шығарды. Бірақ іс жүзінде ештеңе жасалып жатқан жоқ. Бізге былтыр “Өзенмұнайгаз” жұмыс ауқымын берсе жалақы көтереміз” деген, ол уәде де жайына қалды, -дейді ол.

    Азаттық тілшісі “ТрубРемЦентр” ЖШС директоры Нұрлан Ищановқа хабарласқан еді. Ол жиналыста отырғанын, кейін хабарласатынын айтқанымен қайта жауап бермеді.

    “ТрубРемЦентр” ЖШС “Өзенмұнайгаздың” ұңғымаларын жуу, тазалаумен айналысады. Онда 150 адам еңбек етеді.

    “Маңғыстаумұнайгаз” компаниясының үңғымаларын жөндеумен айналысатын тағы бір компания “Оңтүстік Шығыс сервистік тобы” мұнайшылары да жалақы талабын қойғандары үшін қудаланып жатқандарын айтады. Олар Маңғыстау облысы әкімдігіне барып өздерін қудаламуды, жалақыларын азайтпауды сұрап жатыр.

    Бұған дейін “Өзенмұнайгазға” қызмет көрсететін “Кезби” мекемесі мұнайшылары да ай бойы жұмысты тоқтатып, жалақыны көтеруді талап еткен. “Кезбидің” 26 жұмысшысы Нұр- Сұлтанға келіп еңбек министрлігі мен “Қазмұнайгаз” алдына бір апта түнеген соң, жалақыларын 20 пайызға көтеріп, еңбек келісім-шартын алуға, “Өзенмұнайгаздағы” босаған жұмыс орындарына жұмысқа алу тәрізді кей талаптарына қол жеткізген. “Кезби” мекемесі мұнайшылары 18 мамырда ереуілде тоқтатып, жұмысқа шыққан.

     

    Дереккөз

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →