Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі •

    Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресейге бармақ

    Қыркүйек айында Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Ресейге баруы мүмкін, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап. 

    Британ агенттігінің мәліметіне қарағанда, Солтүстік Корея лидері Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, қару-жарақ саласы бойынша ынтымақтастықты талқылағысы келеді.

    «Ким Чен Ын мен Путиннің кездесуі екі ел шекарасына жақын Владивосток қаласында өтуі мүмкін. Оған Солтүстік Корея президенті бронды пойызбен барады. Қазір кездесудің қай күні өтетіні айтылып жатқан жоқ. Бірақ АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Эдриенн Уотсонның айтуынша, ол Владивостокта 10-13 қыркүйекте өтетін Шығыс экономика форумы кезінде болуы ықтимал»,-деп жазды The New York Times басылымы.

     

    Америкалық шенеуніктің айтуынша, Путин Ким Чен Ыннан Украинадағы соғыс үшін артиллериялық снаряд пен танкіге қарсы зымырандарды, ал Солтүстік Корея Ресейден спутниктер мен атомдық сүңгуір қайықтарға арналған заманауи технологиялар мен азық-түлік алғысы келеді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →