Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 28 шілде 2026 $ 474,6 541,2 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ердос Қанаев жеке өміріндегі кикілжіңдер туралы ашық айтты 2026 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан Орталық Азиядан мұнай өнімдері импортын 12,3 есеге арттырды Орал орман шаруашылығындағы өртті сөндіру жалғасуда Улытаудағы ауылдық спартакиада жаппай төбелеспен аяқталды Асаба Сабыржан Түзелбаев тойдағы орынсыз қалжыңдарына жауап берді Экологтік айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастау: сарапшы ұсынысы Ердос Қанаев жеке өміріндегі кикілжіңдер туралы ашық айтты 2026 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан Орталық Азиядан мұнай өнімдері импортын 12,3 есеге арттырды Орал орман шаруашылығындағы өртті сөндіру жалғасуда Улытаудағы ауылдық спартакиада жаппай төбелеспен аяқталды Асаба Сабыржан Түзелбаев тойдағы орынсыз қалжыңдарына жауап берді Экологтік айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастау: сарапшы ұсынысы

    Қымбат үш көлігін ұсынған Қайрат Құдайберген бәрібір қамалды

    Депутат Қайрат Құдайбергеннің адвокаты оны бір айға жапқан тергеу соты кепіл сомасына келіспегенін айтады, деп хабарлайды КТК.

    Қымбат үш көлігімен қоса, Қайраттың жақындары зәулім үйді де кепілге қоюға дайын болған.

    «Істі өз өндірісіне алғаны туралы, істің қозғалғаны туралы сондай қаулылардан басқа еш дәлелдеме тіркелмеген де.Бас бостандығынан айырудан басқа бұлтартпау шарасын қолданыңыз деп сұрадық, кепіл немесе үй қамақ, жоқ, оны бас бостандығынан ауыру туралы қаулы шығарды», ─ деді Қ.Құдайбергеннің адвокаты Мұратқожа Әмитов.

    Тергеу сотының қаулысына көңілі толмаған Қайрат Құдайбергеннің адвокаты енді қалалық сотқа шағымданбақ. Олар бес күннің ішінде шағымды қанағаттандырса, қаулының күші жойылады.

    Мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастарды және оған қатысты деген күдікке ілікті. «Дикий Арманмен» бірігіп әрекет етті деген болжам да бар.

    Кеше Алматы қаласының тергеу соты Қайрат Құдайбергенді бір ай қамауға алу туралы қаулы шығарды.

    «Алматы қаласының тергеу сотының қалуысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Аталмыш азаматқа қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 30 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», ─ деді Алматы қаласы сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →