Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 17 тамыз 2026 $ 463,5 536,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Mitsubishi жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, 20 жастағы қыз зардап шекті Алматыда демалыс күндері жол қозғалысы ережесін бұзуға қарсы рейд өткізілуде Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертіне қатысты пікірін білдірді Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W35 турнирінде жеңімпаз атанды «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы енгізілді Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер Алматыда Mitsubishi жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, 20 жастағы қыз зардап шекті Алматыда демалыс күндері жол қозғалысы ережесін бұзуға қарсы рейд өткізілуде Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертіне қатысты пікірін білдірді Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W35 турнирінде жеңімпаз атанды «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы енгізілді Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер

    Қазақстанда 800-ден астам балалар лагері тексеріледі

    Алматы қаласының прокуратурасы «саунамен бір үй-жайда балалар лагерін» ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау фактілері бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.

    Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы.

    Сондай-ақ, а.ж. маусым айында 10216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасады.

     

    “Жазғы кезеңді және балалардың құқықтарының ықтимал бұзылуын ескере отырып, Бас прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті. Тексерулермен балалардың тұру, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуді жағдайын қамту жоспарлануда. 2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттелуде”, – деп мәлім етті Бас прокуратура.

     

    Еске салайық, бұдан бұрын Алматы маңындағы лагерге жіберілген оқушылардың сауна аумағына орналастырылғаны анықталған еді.

    Қала әкімдігі қызмет көрсетуші компанияны сотқа беретінін мәлім етті.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →