Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейлік жұбайлар сыртқы ұқсастығымен желі қолданушыларын таңқалдырды • «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды • Ұлан ауданында екі бас ұсақ мал ұрлығы ашылды • Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • Қазақстандықтарды 30 базамен тексермек: енді кім әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін? • Семейлік жұбайлар сыртқы ұқсастығымен желі қолданушыларын таңқалдырды • «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды • Ұлан ауданында екі бас ұсақ мал ұрлығы ашылды • Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • Қазақстандықтарды 30 базамен тексермек: енді кім әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін? •

    Патрульдік полиция қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді

    Антикор Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша патрульдік полицияның 7 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

    Олар бірнеше рет пара алды деп күдіктенуде. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған.

    Сонымен қатар инспекторлар жолдарда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген.

     

    “Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

     

    Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысында бұрынғы патрульдік полиция инспекторы мен оның сыбайласы алаяқтық үшін сотталған.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →