Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 29 қараша 2026 $ 457,7↓€ 500,5↓₽ 5,59↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Кентауда сайлау учаскесінде «Менің елім – менің қалам» концерті өтті

    Кентау қаласында мәслихат депутаттарын сайлау науқаны аясында №39 сайлау учаскесінде «Менің елім – менің қалам» концерттік бағдарламасы өтті. Қалада 35 учаске жұмыс істейді, 57 568 азамат тіркелген.

    Кентауда сайлау учаскесінде «Менің елім – менің қалам» концерті өтті

    Сурет: ernur.kz

    Кентау қаласында мәслихат депутаттарын сайлау науқаны аясында Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайындағы №39 сайлау учаскесінде «Менің елім – менің қалам» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Іс-шара барысында өнерпаздар патриоттық әндер орындап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерттік бағдарлама туған жерге деген сүйіспеншілікті, елге деген құрметті дәріптеді. Мұндай бастамалар сайлау күнінің мазмұнын арттырып, тұрғындардың қоғамдық белсенділігін көтеруге ықпал етеді.

    Айта кетейік, Кентау қаласы бойынша барлығы 35 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қалада дауыс беру құқығына ие 57 568 азамат тіркелген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →