Герартс «Ордабасымен» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуды мақсат етті
«Ордабасының» жаңа бас бапкері Карел Герартс алғашқы сұхбатында чемпионат пен Кубокты жеңіп алуды, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуды мақсат еткенін мәлімдеді.
Сурет: sports.kz
Шымкенттің «Ордабасы» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалған бельгиялық маман Карел Герартс алғашқы сұхбатын берді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Көп матчта жеңіске жеткіміз келеді, ләззат алып, жақсы футбол көрсетуге тырысамыз. Барлығымыздың бірлікте болғанымыз ерекше маңызды. Біз чемпионатты және, әрине, Кубокты жеңіп алғымыз келеді — өткен маусымда команда «алтын дубль» жасады, сондықтан мұны қайталауға тырысамыз. Бірақ алдымен Суперкубоктан бастаймыз. Барлығымыз үшін үлкен мақсат — Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығу. Ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — деді ол.
Герартс Шымкенттен не күтетінін де айтты: «Әрине, қонақжайлылық. Қала осымен әйгілі, мұнда тамаша адамдар тұрады. Мен «Ордабасының» өткен жылы қандай мереке ұйымдастырғанын көрдім және дәл солай жасағым келеді».
2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша шымкенттік «Ордабасы» 68 ұпай жинап, Қазақстан чемпионы атанды. Бапкерлік карьерасында Карел Герартс бұған дейін бельгиялық «Юнион Сент-Жиллуаз» және неміс «Шальке 04» клубтарын басқарған.
