Даниял Сабит Ташкенттегі бокс турнирінде жеңіліп қалды
Қазақстандық боксшы Даниял Сабит Ташкенттегі World Boxing Кубогінің қорытынды кезеңінде өзбекстандық Шодиёржон Меликузиевке бірауыздан жеңілді (5:0).
Сурет: sports.kz
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан World Boxing Кубогінің қорытынды кезеңінде Қазақстан бокс құрамасы сайысты бастады. Ерлер арасында 50 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Даниял Сабит жергілікті спортшы Шодиёржон Меликузиевпен кездесті. Қарсылас — IBA нұсқасы бойынша 2024 жылғы Азия чемпионы.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бұл айқас Меликузиевтің бірауыздан жеңісімен аяқталды (5:0). Ол жартылай финалға шықты, ал Даниял турнир медалінсіз қалды.
World Boxing Кубогінің финалдық, үшінші кезеңі бүгін басталып, 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазақстан оған ерлер және әйелдер құрамаларымен қатысып отыр. Жалпы сайысқа 30 ұлттық федерациядан 132 спортшы қатысады.
