Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Ақтауда «САНТ» театрының «Ірі ойын» қойылымы көрсетіледі • Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров шахмат тағыны үшін бірінші партияда тең түсті • Капризов Гретцкидің рекордын қайталауға бір қадам қалды • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Ақтауда «САНТ» театрының «Ірі ойын» қойылымы көрсетіледі • Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров шахмат тағыны үшін бірінші партияда тең түсті • Капризов Гретцкидің рекордын қайталауға бір қадам қалды •

    Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады

    Қытай 2026 жылғы 28 қарашадан 2027 жылғы 27 қаңтарға дейін АҚШ-қа галлий, германий және графитке қатысты қосарланған мақсаттағы тауарлар экспортын бақылау шараларын тоқтатады.

    Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады

    Сурет: inbusiness.kz

    Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі 2026 жылғы 28 қарашадан бастап АҚШ-қа қосарланған мақсаттағы тауарлардың — галлий, германий және графитке қатысты экспортын бақылау шараларының қолданысын тоқтататынын хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ведомствоның 2024 жылғы №46 бұйрығының екінші тармағына сәйкес, Қытай бұған дейін АҚШ-қа галлий, германий, сурьма және асқын қатты материалдарға қатысты қосарланған мақсаттағы тауарларды экспорттауға рұқсат беруді тоқтатып, сондай-ақ АҚШ-қа экспортталатын графитке қатысты тауарлардың соңғы пайдаланушысын неғұрлым қатаң тексеруден өткізіп келген.

    «2026 жылғы 28 қарашадан 2027 жылғы 27 қаңтарға дейін Коммерция министрлігінің 2024 жылғы №46 бұйрығының 2-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрады», — делінген хабарламада.

    Бұған дейін, 10 қарашада Қытай АҚШ-тың 16 заңды тұлғасына қатысты экспорттық бақылау шараларын екі айға тоқтатқан болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →