Айнұр Тұрсынбаева Нұрболхан Шараповтың әзіліне өлеңмен жауап қайтарды
Айнұр Тұрсынбаева әзілкеш Нұрболхан Шараповтың пародиясына өлеңмен жауап қайтарды. Жазира Байырбекова да әзілге үн қосып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
Фото: ult.kz
Айтыскер ақын әрі блогер Айнұр Тұрсынбаева әзілкеш Нұрболхан Шараповтың қағытпасына өлеңмен жауап берді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Актер, әзілкеш және тележүргізуші Нұрболхан Шарапов Айнұр Тұрсынбаеваға пародия жасап, оны әлеуметтік желіде әзілге арқау етті. Ол ақын әнші болған жағдайда өлеңді қалай орындайтынын әзілмен көрсеткен.
Бұл қалжыңға әнші Жазира Байырбекова да үн қосып: «Р-ға тілі келмейтіндер қол көтеріңіздер, біргеміз», – деп әзілдеді.
Ал Айнұр Тұрсынбаева әзілкештің қағытпасына өлеңмен жауап қайтарды.
«Ей, Нұрболхан, қал қалай?
Қоя тұршы зарламай!
Сүмірейіп отырсың
Үсіп қалған алмадай.
Менің тілім тәп-тәтті,
Болмасыншы шаруаң-ай!
Мендей болу, сен үшін,
Арман, арман, арман-ай…
Тисе берме аққуға
Қарқылдаған қарғам-ай.
Айтысатын уақыт жоқ,
Жолын болсын ал, давай!» – деп жазды ақын.
Айнұр Тұрсынбаеваның тапқыр жауабы Нұрболхан Шараповтың да көңілінен шықты. Әзілкеш ақынның өлеңіне сүйсініп, күлкіге қарық болды.
