Бибісара Асаубаеваның анасы: «Мен — жаман анамын»
Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Танжарикова Будапешттегі супертурнирде қызының партияларын тамашалай алмайтынын айтып, эмоционалды жазба жариялады.
Сурет: sports.kz
Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан Total Chess Pilot-2026 супертурнирінде қызының ойынын тамашалау кезіндегі толқынысы туралы шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Танжарикова эмоционалды жазба жариялады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Мен — жаман анамын. Қызымның партияларын көрмеймін. Күн сайын Саранды турнир залына шығарып саламын, құшақтап, бір-екі жылы сөз айтып, кетіп қаламын, өйткені оның партияларын тамашалай алмаймын. Физикалық тұрғыдан мүмкін емес.
Содан кейін жай ғана серуендеуге шығамын. Көпірлер, Дунай жағалауы, ескі көшелер, қала бойымен шақырымдап жүремін. Ал телефон әрдайым қолымда. Трансляцияны ашып, бірден жабамын. Қайта ашамын. Спортшылардың аналары мені түсінеді. Сен ешнәрсеге көмектесе алмайсың, тек оның жеңісіне сену ғана қолады. Ал кешке ол залдан шығады, мен қайтадан тыныс аламын.
Керемет Будапешт, бірақ ондағы ең әдемі нәрсе — менің қызым», — деп жазды Танжарикова Instagram-да.
Еске салайық, Будапешттегі Total Chess World Championship Tour Pilot-2026 эксперименттік турнирінде Бибісара Асаубаева 24 қатысушының арасында 20-орынды иеленді. Жарыс барысында қазақстандық шахматшы 16-әлем чемпионы Магнус Карлсенмен екі күндік матч өткізіп, классикалық шахматтан ФИДЕ әлемдік рейтингінде бесінші орынға көтерілді.
