Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты
Актриса Фариза Ескермес Ысты руының шежіресінен есімін таппағанын, ал татар ұлтынан шыққан жұбайының әулет шежіресіне енгенін Instagram желісінде айтты.
Сурет: sn.kz
Актриса Фариза Ескермес өзінің Ысты руының шежіресінен есімі табылмағанын, ал татар ұлтынан шыққан жұбайының әулет шежіресіне енгенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Актриса әлеуметтік желіде жұбайының әулет шежіресін көрсетті. Онда Фаризаның есімі жұбайы Андрейдің атымен қатар жазылған.
«Ал, татарлардың шежіресіндемін… Өзіміздің Ысты руының шежіресінен орын табылмай татар елінің шежіресінде жүрмін… Біздің дәстүрге өкпем қара қазандай, байқасаңыз 😅 Қазақ Қыздарының Шежіреде болмауы қайдан басталған дәстүр? Маған осы сұраққа грамотно жауап беретін адам бар ма? Шын мәнінде тыңдағым келеді…» – деп жазды Фариза Ескермес.
