«Ақтөбе» нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиумен қоштасты
«Ақтөбе» футбол клубы нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиумен келісімшартының аяқталғанын хабарлады. 26 жастағы футболшы биылғы маусымды «Атырауда» жалға алу негізінде өткізді.
Сурет: sports.kz
«Ақтөбе» футбол клубы нигериялық жартылай қорғаушы Марио Рабиумен келісімшарты аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Ақтөбе» футбол клубы мен нигериялық жартылай қорғаушы арасындағы келісімшарттың мерзімі бітті. Марио командаға 2025 жылдың басында қосылып, қызыл-ақ жейдеде бес матч өткізді. Биылғы маусымды Рабиу «Атырау» футбол клубында жалға алу негізінде өткізді», — делінген «Ақтөбе» мәлімдемесінде.
26 жастағы Марио Рабиу «Ақтөбеге» 2025 жылдың ақпанында албандық «Скендербеу» клубынан ауысқан, оған дейін итальяндық «Модена», «Гроссето» және «Витербезе» командаларында ойнаған. Transfermarkt африкалық футболшының трансферлік құнын 150 мың еуро деп бағалайды.
