Мессидің бір жылдық жалақысы белгілі болды
Фото: Rich Storry/Getty Images
«Интер Майами» командасының капитаны АҚШ-тың MLS чемпионатындағы ең көп жалақы алатын футболшылар тізімінде көш бастап тұр, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр аргентиналық шабуылшының келісімшарт бойынша жылдық табысы 20,45 миллион доллар болған. Демек, бір жыл ішінде футболшының жалақысы шамамен 7,88 миллион долларға өскен.
Ең жоғары жалақы алатын ойыншылар рейтингінде екінші орынға «Чикаго Файр» клубының шабуылшысы Роберт Левандовски жайғасты. Польша құрамасының футболшысы жылына 19,51 миллион доллар табыс табады. Бұл Мессидің көрсеткішінен 8,82 миллион долларға төмен.
Үздік бестіктің қатарында Антуан Гризманн («Орландо Сити») – 13,94 миллион доллар, Сон Хын Мин («Лос-Анджелес») – 11,25 миллион доллар және Брель Эмболо («Атланта Юнайтед») – 10,81 миллион доллар бар.
Жаза кетейік, Мессидің жеке табысы MLS-тегі 25 клубтың ойыншыларына төленетін жалпы жылдық жалақы қорынан да жоғары. Бұл қатарда тұрақты чемпионат жеңімпазы атанған «Нэшвилл» де бар. Клуб футболшыларының жылдық жалақысына 24,97 миллион доллар жұмсайды.
Ал Мессидің командасы «Интер Майами» ойыншылардың жалақысына жылына 59,37 миллион доллар бөледі. Бұл – MLS тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Осы қаржылық көрсеткіш бойынша клуб Шығыс конференциясында «Нэшвиллден» кейін екінші орында тұр.
