40 жыл ат үстінен түспеген жылқышы Президент қолынан марапат алды
Ұлытау облысының жылқышысы Мәкіш Әменов Президент қолынан жоғары мемлекеттік награда алды. Ол 17 жасынан жылқы шаруашылығында еңбек етіп келеді.
Видеодан кадр
Ұлытау облысының жылқышысы Мәкіш Әменов бүгін Президент қолынан жоғары мемлекеттік награда алды. Бұл туралы «Ең соңғы жаңалықтар Жаңа уақытта» Instagram парақшасында жарияланған видеода хабарланды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мәкіш Әменов 17 жасынан бастап жылқы соңында жүр. Оның әкесі де жылқышы болған, бүгінде ұлы да ата кәсіпті жалғап жүр. Осылайша бір әулеттің үш буыны өмірін жылқы шаруашылығына арнаған.
«Жылқының тілін таптым. Бұл – сүйікті ісім. Президент қолынан марапат алу арманым еді», – дейді Мәкіш ақсақал.
Бүгінгі қуанышын бөлісуге ұлдары да бірге келген. Қырық жылдан астам адал еңбектің еленгеніне бүкіл әулеті қуанып жатыр.
