Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АИТВ: тест рекордқа жетті, жаңа жағдай азайды, бірақ әр үшінші диагноз әлі де кеш қойылады • «Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен фотосын жариялады (ФОТО) • Бас мүфти қазақ тойларындағы ысырап пен әдепсіз ойындарды сынға алды • «Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды • «Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған • Тірідей өртеніп кеткен: Шымкентте бензовоз жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды • АИТВ: тест рекордқа жетті, жаңа жағдай азайды, бірақ әр үшінші диагноз әлі де кеш қойылады • «Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен фотосын жариялады (ФОТО) • Бас мүфти қазақ тойларындағы ысырап пен әдепсіз ойындарды сынға алды • «Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды • «Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған • Тірідей өртеніп кеткен: Шымкентте бензовоз жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды •

    Бас мүфти қазақ тойларындағы ысырап пен әдепсіз ойындарды сынға алды

    Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақ тойларындағы орынсыз шығын, бәсекелестік және әдепсіз ойындар мәселесін көтеріп, ұлттық дәстүр мен тәрбиеге басымдық беруге шақырды.

    Бас мүфти қазақ тойларындағы ысырап пен әдепсіз ойындарды сынға алды

    Сурет: madeniportal.kz

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақ тойларындағы орынсыз шығын, бәсекелестік және әдепке жат ойындар мәселесін көтерді. Ол той иелері мен асабаларды ұлттық дәстүр мен тәрбиеге басымдық беруге шақырды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Астанада «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Той – бабалар дәстүрі мен тағылымы» атты рухани кездесу өтті. Жиынға Бас мүфти, қоғам қайраткері Нұртөре Жүсіп, журналист Зейін Әліпбек және елордалық асабалар қатысты.

    Кездесуде қазақ тойларындағы аста-төк дастарқан, қымбатшылықпен мақтану, бір-бірінен асып түсуге ұмтылу және әдепсіз ойындар мәселесі талқыланды.

    «Ислам дінін ғасырлар бойы ұстанған ата-бабаларымыз той жасағанда ең алдымен ағайынның басын қосып, бата алуға, үлкеннің ақ тілегіне, жастардың тәрбиесіне мән берген. Тойдың сәні қымбат әншіде немесе шектен шыққан безендіруде емес, елдің бірлігі мен ақ дастарқанда болған», – деді Бас мүфти.

    Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, той тек көңіл көтеретін жиын емес, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тәрбиелік орта болуы тиіс.

    Ол асабалардың жауапкершілігіне де ерекше тоқталды. Бас мүфти той жүргізушілерін әдепсіз ойындардан бас тартып, мерекелік бағдарламаның мазмұнына мән беруге шақырды.

    «Той тек көңіл көтеретін жиын емес, ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін, дін мен дәстүр құндылықтарын бойына сіңіретін маңызды сәттің бірі. Тойда жастар үлкенді сыйлауды, туыстық қатынасты, ізеттілікті, бата алуды, ұлттық салт-дәстүрді көреді. Сондықтан тойдың бағдарламасы да тәрбиелік мазмұнда болғаны абзал», – деді ол.

    Кездесу соңында асабалар да той мәдениетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →