Алматы облысында көпқабатты үйлердің маңы қоқысқа толған: әкімдік мәселені неге шешпей отыр?
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Түрген ауылында көпқабатты үйлердің маңындағы қоқыс мәселесі тұрғындардың наразылығын туғызды. Әлеуметтік желіде тараған видеода үй маңындағы аумақтың қоқысқа толғаны көрсетілген, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы.
Бейнежазба авторы әсіресе балалардың жүріп-тұруына алаңдаушылық білдірген. Оның айтуынша, мұндай жағдайда балалардың үйден шығып, көшеде еркін жүруі қиын. Тұрғындар күн сайын пайдаланатын аумақтың тазалығына жергілікті әкімдік неге тиісті көңіл бөлмейді деген сұрақ туындайды.
Ауылдағы санитарлық жағдайды бақылау және қоқыстың уақытылы жиналуын қадағалау жергілікті биліктің назарынан тыс қалмауға тиіс. Алайда видеода көрсетілген жағдай бұл бағыттағы жұмыстың жеткіліксіз екенін аңғартады.
Енді Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі мәселені қашан шешіп, тұрғындарға қауіпсіз әрі таза орта қалыптастыратынын түсіндіруі керек.
Видео: samalka____
