Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сот актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты түпкілікті шешім шығарды • Тоқаев: Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айналады • Министр Шайдоровтың жаттықтырушысы ауысуына қатысты пікір білдірді • Жүрегіне шұғыл ота жасалды: Петропавлда ащы кеспемен бірге энергетик ішкен жігіт өліп қала жаздады • Тоқаев Дженсен Хуангты «нағыз аңыз» деп атап, алғыс білдірді • Ұлттық банк кредиттер бойынша жеңілдіктердің мерзімін ұзартты • Сот актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты түпкілікті шешім шығарды • Тоқаев: Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айналады • Министр Шайдоровтың жаттықтырушысы ауысуына қатысты пікір білдірді • Жүрегіне шұғыл ота жасалды: Петропавлда ащы кеспемен бірге энергетик ішкен жігіт өліп қала жаздады • Тоқаев Дженсен Хуангты «нағыз аңыз» деп атап, алғыс білдірді • Ұлттық банк кредиттер бойынша жеңілдіктердің мерзімін ұзартты •

    Сот актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты түпкілікті шешім шығарды

    Сот актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты түпкілікті шешім шығарды

    Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қорғау тарапының апелляциялық шағымын қанағаттандырмады, деп жазады QazaqToday.info ақпарат порталы. 

    Заңгер Мұхаммад Алиосманның айтуынша, бүгін апелляциялық сот Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық істі қарауды аяқтап, шешім қабылдаған.

    «Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырып, қорғау тарапының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Сабыралиева Фаризаның мүддесін қорғаушы адвокат ретінде қабылданған сот шешімін заңды, әділ әрі негізді деп есептеймін», – деп жазды Мұхаммад Алиосман.

    Осылайша, Нұрсұлтан Жақсыгенге тағайындалған 2 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы өзгерген жоқ. Оған 5 жылға блогерлік және өзге де жария ақпараттық қызметпен айналысуға тыйым салынған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →