Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кәмелетке толмаған екі қызға зорлық көрсетіп, темекімен күйдіріп, жезөкшелікке сатқан: Балқашта күдіктілер ұсталды • Доллар арзандады: Ұлттық банк еуро, рубль және юань бағамын бекітті • 8 адам жарақаттанды: Атырау – Индер тасжолында екі көлік соқтығысты • Қар, көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы • «Қайраттың» 14 футболшысы еңбек сіңірген спорт шебері атанды • Андреева мен Швёнтек WTA-да «құрғақ» сеттер саны бойынша көш бастады • Кәмелетке толмаған екі қызға зорлық көрсетіп, темекімен күйдіріп, жезөкшелікке сатқан: Балқашта күдіктілер ұсталды • Доллар арзандады: Ұлттық банк еуро, рубль және юань бағамын бекітті • 8 адам жарақаттанды: Атырау – Индер тасжолында екі көлік соқтығысты • Қар, көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы • «Қайраттың» 14 футболшысы еңбек сіңірген спорт шебері атанды • Андреева мен Швёнтек WTA-да «құрғақ» сеттер саны бойынша көш бастады •

    8 адам жарақаттанды: Атырау – Индер тасжолында екі көлік соқтығысты

    8 адам жарақаттанды: Атырау – Индер тасжолында екі көлік соқтығысты

    Фото: istockphoto.com

    Атырау – Индер тасжолында болған жол апатынан сегіз адам зардап шекті. Түнгі оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Куәгерлердің айтуынша, екі жеңіл автокөлік түн ортасында қатты соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған.

    Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 2026 жылғы 18 қарашада сағат 01:20 шамасында болған. Жолда Nissan Teana және Kia маркалы көліктер соқтығысқан.

    «Апат салдарынан Nissan Teana көлігінің бес жолаушысы, сондай-ақ Kia көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тиісті материалдар жинақталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады», – деп мәлімдеді ведомство.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →