Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Киберфлешинг: Құрылтай депутаты Асель Баденова балаларға қатысты цифрлық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді • Қарағандыда аялдама саламыз деп, жаяу жүргіншілер жолын қиратып кеткен • Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Айманның жазбасына астарлы жауап берді • Дәулет Тұрлыхановтың туған күні: даңқты спортшының өмірбаяны • «Балаларыма салмақ болғым келмейді»: Бақыт Тұрман ұстанымын айтты • «Әкім келіп кеткен, мәселе шешілмеген»: Қаскелең тұрғындары суық үйде бүрсең қағып отыр • Киберфлешинг: Құрылтай депутаты Асель Баденова балаларға қатысты цифрлық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді • Қарағандыда аялдама саламыз деп, жаяу жүргіншілер жолын қиратып кеткен • Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Айманның жазбасына астарлы жауап берді • Дәулет Тұрлыхановтың туған күні: даңқты спортшының өмірбаяны • «Балаларыма салмақ болғым келмейді»: Бақыт Тұрман ұстанымын айтты • «Әкім келіп кеткен, мәселе шешілмеген»: Қаскелең тұрғындары суық үйде бүрсең қағып отыр •

    Киберфлешинг: Құрылтай депутаты Асель Баденова балаларға қатысты цифрлық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді

    Киберфлешинг: Құрылтай депутаты Асель Баденова балаларға қатысты цифрлық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді

    Фото: Жаңа Адамдар

    Құрылтайдың жалпы отырысында депутат Асель Баденова балаларды цифрлық зорлық-зомбылықтың жаңа түрлерінің бірі – киберфлешингтен қорғау мәселесін көтерді, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы. 

    Киберфлешинг – әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы адамның келісімінсіз жыныстық сипаттағы суреттер мен бейнематериалдарды қасақана жіберу.

    2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасына енгізілген зерттеу деректеріне сәйкес, балалардың 7,1%-ы жыныстық сипаттағы хабарламалар алады, ал 7,4%-ы интернетте айына кемінде бір рет интимдік бейнелерді көреді.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстың алдын алудың маңызына ерекше назар аударды:

    «Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту қажет… Қылмыстың салдарымен ғана күресуге болмайды. Қылмыс себептерін анықтап, жойып отыру қажет».

    Киберфлешинг баланың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін, ал кейбір жағдайларда алымсақтық әрекеттері мен басқа да құқыққа қайшы әрекеттермен қатар жүреді. Бұл ретте Қазақстанда осындай әрекеттер үшін жеке құқықтық жауапкершілік мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр. «Киберфлешинг» термині заңнамалық деңгейде алғаш рет көтерілуде.

    «Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, кәмелетке толмаған адамға оның келісімінсіз жыныстық сипаттағы материалдарды қасақана жіберу әрекеттері үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?» – деп атап өтті депутат өз сауалында.

    Осыған байланысты Асель Баденова Ішкі істер министрлігіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайларда адамның келісімінсіз жыныстық сипаттағы материалдарды қасақана жібергені үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастыруды ұсынды.

    Депутаттың пікірінше, аталған жағдайларға уақтылы назар аударуға және балаларды цифрлық зорлық-зомбылықтан қорғауға мүмкіндік беретін нақты құқықтық механизмдер қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →