Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР • Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді • Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? • Алматыда көмір жағатын дәмханаларды газ бен электрге көшіру күшейтілді • Алматыдағы зиянды шығарындылардың 60 пайызы автокөліктен • Аян Өтепберген Испаниядағы кинофестивальде «Үздік актер» атанды • СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР • Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді • Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? • Алматыда көмір жағатын дәмханаларды газ бен электрге көшіру күшейтілді • Алматыдағы зиянды шығарындылардың 60 пайызы автокөліктен • Аян Өтепберген Испаниядағы кинофестивальде «Үздік актер» атанды •

    СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР

    Алматыда 955 мың тұрғын спортпен айналысады. Тегін жобалар, жаңа спорт нысандары, 4 727 медаль және Олимпиада алтыны туралы толық ақпарат.

    СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР

    Алматыда 955 мың тұрғын спортпен тұрақты айналысады. Қаладағы тегін жобалар, марафондар мен өзге де бұқаралық спорттық іс-шаралар 100 мыңнан астам қатысушыны қамтыды. Ал кәсіби спортта алматылықтар биыл Олимпиада алтынын иеленіп, Қазақстан, Азия және әлем чемпионаттарында 4 727 медаль жеңіп алды.

    БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ

    Тұрғындардың үйіне жақын жерде жаттығуына мүмкіндік беру — Алматыдағы бұқаралық спортты дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Бүгінде қала халқының 44 пайызы дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысады.

    Қалада «Спорт — достық алаңы» және «Almaty Move» тегін жобалары жұмыс істейді. Жүгіру мен велоспортқа қызығатын тұрғындар үшін «Бірлік жүгірісі», «Almaty Marathon», «Almaty Glow Ride 2026», «Gran Fondo», «Cycle Fest», «Winter Run» және «Медеу» баспалдақтарымен жүгіру секілді іс-шаралар өткізіледі.

    Студенттер лигасы мен «Балалар футбол лигасы» жобалары да жүзеге асырылып жатыр. Студенттер лигасында 35—тен астам жоғары оқу орнының 1 300-ден астам студенті футбол, волейбол және баскетболдан бақ сынады. Ал «Балалар футбол лигасы» 320 команда мен 8 мыңнан астам баланы қамтиды.

    СПОРТШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БЕЙІМДЕЛГЕН СПОРТ

    Алматыда спорттың 81 түрі дамытылады, оның 32-сі олимпиадалық бағдарламаға кіреді. Қалалық спорт басқармасына қарасты 16 мекемеде 17 мың спортшы жаттығады. Бұл мекемелер жас таланттарды анықтап, олардың шеберлігін шыңдауға және ұлттық құрамаға спортшылар даярлауға мүмкіндік береді.

    Мүгедектігі бар адамдарға арналған «Алматы» спорт клубында 756 спортшы жаттығады. Спорттың 23 түрі бойынша 61 жаттықтырушы жұмыс істейді. Клуб спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады.

    СПОРТТЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР

    2026 жылдың 10 айында алматылық спортшылар Қазақстан, Азия және әлем чемпионаттарында 4 727 медаль жеңіп алды. Оның 1 658-і — алтын, 1 563-і — күміс, 1 506-сы — қола. Қазақстан чемпионаттарында 4 207, Азия чемпионаттарында 374, әлем чемпионаттарында 146 медаль иеленді.

    Биылғы басты жеңістердің бірі — Михаил Шайдоровтың қысқы Олимпиада ойындарындағы алтыны. Алматылық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиада чемпионы атанды.

    Азия ойындарына Алматыдан 122 спортшы қатысты. Бұл — Қазақстан құрамасының бестен бірінен астамы. Алматылықтар 22 медаль: 1 алтын, 7 күміс және 14 қола жеңіп алды. Тамирлан Тлеулес таеквондодан ел тарихындағы алғашқы Азия ойындарының алтын медалін иеленсе, Дамир Токтаров спорттық құзға өрмелеуден Қазақстанға осы додадағы тұңғыш жүлдені әкелді.

    Пара Азия ойындарында Алматының 20 спортшысы алты спорт түрінен өнер көрсетіп, 4 алтын, 6 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл — ұлттық құраманың осы жарыстағы барлық наградасының 22 пайызы. Паравелоспортта Наиль Ермұханбетов пен Руслан Алиев, Анастасия Калаус пен Полина Братчикова тандемдері екі алтыннан иеленді.

    СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

    Алматыда 3 638 спорт нысаны бар. Қалада жаңа кешендер салынып, қолданыстағы нысандар жаңартылып жатыр. Ірі жобалардың қатарында 45 мың орындық жаңа стадион, «Медеу» мұз айдыны кешенін жаңғырту және ауданы 22 мың шаршы метрден асатын гимнастика орталығының құрылысы бар. Бір ауысымда 312 адамды қабылдауға арналған «Авиатор» спорт кешені де салынып жатыр. №9 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаңарту жұмыстары аяқталды. Нысан ашылуға дайын.

    Сонымен қатар қалада мүгедектігі бар адамдарға арналған жаңа спорт кешені салынып жатыр. Ол бір ауысымда 100 адамды қабылдауға есептелген. Кешенде бассейндер, әмбебап спорт залы, емдік дене шынықтыру және тренажер залдары болады. Нысан мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделеді.

    Спорт инфрақұрылымын дамыту үшін 8 инвестициялық жоба қарастырылған. Олардың қатарында баскетбол, теннис және паделмен айналысуға арналған нысандар, көпфункционалды спорт кешендері мен паралимпиадалық жаттығу орталығы бар.

    СПОРТ МЕДИЦИНАСЫ

    Қалада 10 мың спортшы медициналық сүйемелдеумен қамтылған. Мамандар олардың денсаулығын бақылап, жаттығу жүктемесін дұрыс жоспарлауға және жарақаттан кейін қалпына келуіне көмектеседі. Trinity орталығында 350 спортшы оңалтудан өтті.

    Тегін жаттығулар мен бұқаралық жарыстар тұрғындарды спортқа тартса, спорт мектептері, жаңа кешендер және медициналық сүйемелдеу спортшылардың тұрақты дайындалуына жағдай жасайды.

    СПОРТИВНЫЙ АЛМАТЫ: ДОСТУПНЫЕ ТРЕНИРОВКИ, НОВЫЕ ОБЪЕКТЫ И МЕЖДУНАРОДНЫЕ ПОБЕДЫ

    В Алматы 955 тысяч жителей регулярно занимаются физической культурой и спортом. Бесплатные проекты, марафоны и другие массовые спортивные мероприятия охватили более 100 тысяч участников. В спорте высших достижений этот год отмечен 4 727 медалями, завоёванными алматинцами на чемпионатах Казахстана, Азии и мира.

    МАССОВЫЙ СПОРТ

    Возможность тренироваться рядом с домом — один из приоритетов развития массового спорта в Алматы. Сегодня физической культурой и спортом регулярно занимаются 44% населения города.

    Для жителей действуют бесплатные проекты «Спорт — достық алаңы» и «Almaty Move». Для любителей бега и велоспорта проводятся «Бірлік жүгірісі», «Almaty Marathon», «Almaty Glow Ride 2026», «Gran Fondo», «Cycle Fest», «Winter Run» и забег по лестницам комплекса «Медеу».

    В городе также реализуются проекты «Студенческая лига» и «Балалар футбол лигасы». Студенческая лига объединила более 1 300 студентов из более чем 35 вузов, которые соревновались в футболе, волейболе и баскетболе. Детская футбольная лига охватывает 320 команд и более 8 тысяч детей.

    ПОДГОТОВКА СПОРТСМЕНОВ И АДАПТИВНЫЙ СПОРТ

    В Алматы развивается 81 вид спорта, в том числе 32 олимпийских. В 16 подведомственных учреждениях городского управления спорта тренируются 17 тысяч спортсменов. Эти организации выявляют молодые таланты, помогают им совершенствовать мастерство и готовят спортсменов для национальных сборных.

    В спортивном клубе «Алматы» для лиц с инвалидностью занимаются 756 спортсменов. Подготовку по 23 видам спорта ведёт 61 тренер. Спортсмены клуба участвуют в республиканских и международных соревнованиях.

    СПОРТИВНЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ

    За 10 месяцев 2026 года алматинские спортсмены завоевали на чемпионатах Казахстана, Азии и мира 4 727 медалей: 1 658 золотых, 1 563 серебряные и 1 506 бронзовых. На чемпионатах страны они выиграли 4 207 наград, на чемпионатах Азии — 374, на чемпионатах мира — 146.

    Одной из главных побед года стало золото Михаила Шайдорова на зимних Олимпийских играх. Алматинский фигурист завоевал звание олимпийского чемпиона.

    На Азиатских играх выступили 122 представителя Алматы — более пятой части сборной Казахстана. Они завоевали 22 медали: одну золотую, семь серебряных и 14 бронзовых. Тамирлан Тлеулес принёс Казахстану первое в истории золото Азиатских игр по таеквондо, а Дамир Токтаров — первую награду этих соревнований в спортивном скалолазании.

    На Азиатских Параиграх 20 алматинских спортсменов выступили в шести видах спорта и завоевали четыре золотые, шесть серебряных и одну бронзовую медаль. Это 22% всех наград национальной сборной на турнире. В паравелоспорте тандемы Наиля Ермуханбетова и Руслана Алиева, Анастасии Калаус и Полины Братчиковой выиграли по две золотые медали.

    СПОРТИВНАЯ ИНФРАСТРУКТУРА

    В Алматы насчитывается 3 638 спортивных объектов. В городе строятся новые комплексы и обновляется действующая инфраструктура.

    Среди крупных проектов — новый стадион на 45 тысяч зрителей, модернизация высокогорного спортивного комплекса «Медеу» и строительство гимнастического центра площадью более 22 тысяч квадратных метров. Также возводится спортивный комплекс «Авиатор», рассчитанный на 312 человек в смену.

    В специализированной детско-юношеской спортивной школе олимпийского резерва №9 завершены работы по обновлению объекта. Школа готова к открытию.

    Кроме того, в Алматы строится новый спортивный комплекс для лиц с инвалидностью. Он рассчитан на 100 человек в смену. В комплексе предусмотрены бассейны, универсальный спортивный зал, залы лечебной физкультуры и тренажёрные залы. Объект будет адаптирован к потребностям людей с инвалидностью.

    Для развития спортивной инфраструктуры предусмотрено восемь инвестиционных проектов. Они включают объекты для занятий баскетболом, теннисом и паделом, многофункциональные спортивные комплексы и паралимпийский тренировочный центр.

    СПОРТИВНАЯ МЕДИЦИНА

    В Алматы медицинским сопровождением охвачены 10 тысяч спортсменов. Специалисты следят за их здоровьем, помогают планировать тренировочные нагрузки и восстанавливаться после травм. В центре Trinity реабилитацию прошли 350 спортсменов.

    Бесплатные тренировки и массовые соревнования вовлекают жителей в занятия спортом, а система подготовки, новые спортивные комплексы и медицинское сопровождение создают условия для дальнейшего роста спортивных результатов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →