Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тариф өседі, құбыр өзгермейді: Астанада коммуналдық төлем неге ресми инфляциядан озып барады? • Словакиялық сарапшы: Қазақстан құрамасына басқа жаттықтырушы керек • Диляра Қайдар келіні Айсәуле туралы жылы лебізін білдірді • Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • Тариф өседі, құбыр өзгермейді: Астанада коммуналдық төлем неге ресми инфляциядан озып барады? • Словакиялық сарапшы: Қазақстан құрамасына басқа жаттықтырушы керек • Диляра Қайдар келіні Айсәуле туралы жылы лебізін білдірді • Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? •

    Словакиялық сарапшы: Қазақстан құрамасына басқа жаттықтырушы керек

    Словакиялық сарапшы Ян Ясенка Қазақстан мен Словакия құрамаларының 2:2 есебімен аяқталған матчына қатысты пікір білдіріп, Ван’т Схипті сынады.

    Словакиялық сарапшы: Қазақстан құрамасына басқа жаттықтырушы керек

    Сурет: sports.kz

    Астанада өткен Ұлттар лигасының соңғы турында Қазақстан футбол құрамасы Словакияның екінші құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Джон Ван’т Схиптің шәкірттері топта соңғы орынға түсіп, бар болғаны 3 ұпай жинады. Жанкүйерлер де, сарапшылар да нидерландтық маманды сынап, оны қызметтен кетіруге шақыруда.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Олармен словакиялық танымал Sport.sk спорт сайтының редакторы Ян Ясенка да келіседі. Ол Sports.kz республикалық интернет-порталына матчтан кейін бірден сұхбат берді.

    — Ян, Қазақстан мен Словакия құрамаларының матчы туралы әсеріңіз қандай?

    — Өте жақсы матч. Екі команданың да тактикасы жағынан да, есеп жағынан да. Мен бұл ойында тең нәтижеге бәс тіккенмін, солай болды да. Қазақстан да, Словакия да жеңе алатын еді. Тең нәтиже — кездесудің ең әділ қорытындысы деп ойлаймын.

    — Командалар екі жақтан 4 гол соқты, тіпті одан да көп соғуы мүмкін еді. Мұндай ашық ойын сіз үшін тосын болды ма?

    — Ашығын айтсам, бұл мен үшін тосын болды. Матчтың соншалықты нәтижелі болады деп күтпегенмін. Турнирлік интриганың жоқтығы өз рөлін ойнады, екі команда да негізгі назарын шабуыл шебіне аударды деп есептеймін.

    — Словакия құрамасының эксперименталдық құрамы туралы пікіріңіз қандай?

    — Оң деуге болады. Кейбіреулер кеше ұлттық құрама сапында дебют жасап, өздерін жақсы жағынан көрсетті. Қазақстан да жаман ойнаған жоқ, олардың да негізгі құрамында бірнеше ойыншысы болмады.

    — Қазақстан құрамасының қай ойыншысы сізді қатты таңқалдырды?

    — Әрине, ең алдымен Ғалымжан Кенжебек. Менің ойымша, ол кеше алаңдағы ең үздік футболшы болды. Қазақстан құрамасындағы негізгі қауіп одан тарады, ол біздің қақпаға екі допты ұйымдастырды. Өте сапалы ойыншы.

    — Сіздің ойыңызша, Давид Стрелецтің голы дұрыс жойылды ма?

    — Мен бұл сәтті бірнеше рет қайта қарадым, төреші дұрыс шешім қабылдаған сияқты.

    — Қазақстан футболының басшылары жаттықтырушы Джон Ван’т Схипті қызметтен босатуы керек пе?

    — Бұл — Қазақстан футболы басшыларының құзыреті. Нәтижелерге қарасақ, бұл сөзсіз сәтсіздік, ал жанкүйерлер мен журналистердің сынына қарағанда, Қазақстан құрамасына басқа маман керек.

    — Қазақстан құрамасының деңгейі туралы жалпы әсеріңіз қандай?

    — Маған кеше Қазақстан құрамасының ойыны ұнады. Иә, бізде кеше эксперименталдық құрам болды, бірақ бұл сіздің құрамаңыздың өз алаңында әлемдік футбол грандтарына болмаса да, оларға жақын командаларға қиындық туғыза алатынын жоққа шығармайды. Қазақстан өз әлеуеті бойынша жақсырақ ойнай алады деп сенемін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →