Ақкөлде көпбалалы отбасы мемлекеттік баспананың сапасына шағымданды
Ақкөлде көпбалалы отбасы мемлекеттен алған үйінің қабырғалары жарылғанын айтып шағымданды. Тұрғындар әкімдікке бірнеше рет жүгінген, бірақ мәселе шешілмеген.
Дереккөз: @aizhan_1996
Ақмола облысы Ақкөл қаласында көпбалалы отбасы мемлекеттен алған үйінің қабырғалары жарылып жатқанын айтып, дабыл қақты. Тұрғынның сөзінше, баспананың іргетасы мен қабырғаларында жарықтар пайда болып, қазір олар барлық бөлмеге таралған. Кейбір жарықтар үйдің сыртынан ішіне дейін жетсе, терезе айналасындағы қабырғалар да жарылған.

Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Отбасы бұл мәселе жөнінде әкімдікке және жауапты мекемелерге бірнеше рет шағымданғанын, техникалық тексеру жүргізілгенін айтады. Алайда тұрғын жариялаған суреттерден баспананың әлі де алаңдатарлық жағдайда тұрғанын көруге болады.

Ақкөл қаласының әкімдігі көпбалалы отбасы тұрып жатқан үйдің жағдайына қатысты қандай шара қабылдағанын және баспананың қауіпсіздігіне кім жауап беретінін түсіндіруі тиіс.
