Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Amazon MGM Studios Роберт Паттинсонды жаңа Джеймс Бонд ретінде растады

    Amazon MGM Studios Роберт Паттинсонның жаңа Джеймс Бонд рөлін растады. Студия 007 агентінің бейнесіндегі алғашқы жарнамалық материалдарды жариялады.

    Amazon MGM Studios Роберт Паттинсонды жаңа Джеймс Бонд ретінде растады

    Сурет: inbusiness.kz

    Amazon MGM Studios компаниясы Instagram желісінде британдық актер Роберт Паттинсонның жаңа Джеймс Бонд болатынын растады. Студия алғашқы жарнамалық материалдарды жариялап, Паттинсонды 007 агентінің бейнесінде көрсетті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қараша айының басында Hollywood Reporter басылымы Роберт Паттинсонның жаңа Джеймс Бонд туралы фильмде 007 агентінің рөліне үміткер екенін хабарлаған болатын. Басылымның мәліметінше, сынаққа Каллум Тернер, Джек Лоуден және Джош О’Коннор да қатысқан. Кинопробалар 24 қазанда өтті.

    Жаңа Джеймс Бонд рөліне кастинг 2026 жылдың мамыр айында басталған. Процесті «Оскар» сыйлығының номинанты Нина Голд басқарады. Ол «Тақтар ойыны», «Жұлдызды соғыстар» эпопеясының бес бөлімі және басқа да ірі жобалар бойынша жұмысымен танымал.

    Жаңа Бонд фильмінің режиссері Дени Вильнев («Дюна») болады, ал сценарий бойынша Стивен Найт («Өткір қалпақтар») жұмыс істеп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →