Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Роналдиньо 11 жылдан кейін алаңға оралды

    Роналдиньо 11 жылдан кейін алаңға оралды

    Фото: Роналдиньоның желідегі парақшасынан

    Бразилиялық футбол аңызы Роналдиньо 11 жылдық үзілістен кейін ресми матчқа қатысып, италиялық «Равенна» сапында дебют жасады. 46 жастағы футболшы алаңда 45 минут өткізіп, командасының 2:0 есебімен жеңіске жетуіне қатысты. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы informsports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Италияның С сериясының 14-туры аясында өткен «Равенна» мен «Форли» арасындағы кездесу алаң иелерінің жеңісімен (2:0) аяқталды. Бразилиялық жартылай қорғаушы негізгі құрамда алаңға шығып, бірінші таймды толық өткізді.

    Беделді Sofascore статистикалық порталы аңыз футболшының ойынын 7,0 ұпайға бағалады. 45 минут ішінде Роналдиньо допқа 28 рет жанасып, 21 пастың 17-сін дәл берді (81% дәлдік).

    2002 жылғы әлем чемпионы және 2005 жылғы «Алтын доп» иегері бұған дейін «Гремио», «ПСЖ», «Барселона», «Милан», «Фламенго», «Атлетико Минейро», «Керетаро» және «Флуминенсе» клубтарында доп тепкен.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →