Тоқаев Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Палестина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент Палестина көшбасшысының бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы бағдары халық бірлігін сақтауға, ел егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуға қызмет етіп, екіжақты қарым-қатынас өркендей беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббастың жауапты қызметіне табыс, ал Палестина халқына құт-береке тіледі.
