Қазақстан — Словакия: Ұлттар лигасындағы матчтың тікелей трансляциясы
Қазақстан — Словакия: Ұлттар лигасының алтыншы турындағы матчтың тікелей трансляциясы 16 қарашада сағат 20:00-де «Qazsport» телеарнасында басталады.
Сурет: sports.kz
16 қараша, дүйсенбі күні Астанада Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының алтыншы туры аясында Словакиямен кездеседі. Қазақстан — Словакия матчының тікелей трансляциясы еліміздің уақытымен сағат 20:00-де басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қорытынды тур алдында 3-топ, C дивизионындағы командалардың орны былай: Словакия — 11 ұпай, Молдова — 7 ұпай, Фарер аралдары — 5 ұпай, Қазақстан — 2 ұпай. Ұлттар лигасындағы соңғы ойында Қазақстан сырт алаңда Молдова құрамасына есе жіберді (1:2), ал Словакия өз алаңында Фарер аралдары командасын жеңе алмады (2:2). Қазақстан құрамасы топта соңғы орында тұрғанымен, Ұлттар лигасының форматы 2028/29 маусымынан бастап өзгеретіндіктен, D дивизионына түсу қаупі жоқ. Қазақстан мен Словакияның соңғы бетпе-бет кездесуіне келсек, 29 қыркүйекте Кошицеде өткен матч словактардың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталған.
