Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде жемқорлықты сынап, Үкіметке нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде мемлекеттік компаниялардағы жемқорлықты сынап, Үкіметке нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Жақыпов пен Отыншиевтің табысы, «Самұрық-Қазына» мәселелері талқыланды.
Сурет: qaz.ulysmedia.kz
Мемлекеттік компаниялардағы жемқорлық мәселесі Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қатаң сынға алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осы бағытта нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. «Өзіміздікі» мен «бөтен» деп бөлуге жол жоқ екенін мәлімдеді. Енді бұл талап кімдерге дейін жетеді?
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жақыпов пен Отыншиевті жоғары лауазымдарға кім ұсынды? Олардың жұмысын кім қадағалады? Аудиторлар анықтаған кемшіліктер неге дер кезінде түзелмеді? Халыққа үнемдеуді айтатын жүйеде ұлттық компания басшыларының жалақысы мен бонустары неге толық ашық емес?
Бұл шығарылымда мына мәселелер сөз болады:
- Жақыповтың декларациядағы табысы және Отыншиевпен кәсіби байланысы;
- «Самұрық-Қазынадағы» сатып алулар, тиімсіз шығындар мен аяқталмаған жобалар;
- Кадрлық тағайындаулар мен басқарушылық жауапкершілік;
- Қорды тарату неге оңай емес және оның активтерінің болашағы.
Ұлттық компания – жеке әмиян емес. Лауазым – жауапкершіліктен қорғайтын қалқан емес. Ел байлығын басқаратындар халық алдында есеп беруге міндетті.
Басты мәселе – көшеге шашылған долларда ғана емес. Елдің байлығын кім, қалай және кімнің мүддесі үшін басқарып отыр?
Жемқорлықпен күрес екі адамның ұсталуымен аяқталмауы тиіс. Ол ашық есепке, нақты жауапкершілікке және халықтың ақшасын қайтаруға ұласуы керек. Мемлекеттік активтерді кезекті рет бөліске салудың құралына айналмауы қажет.
Ұлысмедианың бас редакторы Самал Ибраева мәселені сарапшылармен талқылап, халықтың пікірін сұрады.
Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көріңіздер.
