Олжас Абай марқұм әкесін еске алып, сағынышын жеткізді
Актер Олжас Абай әлеуметтік желіде марқұм әкесін еске алып, сағынышын жеткізді. Желі қолданушылары оның әкесіне ұқсайтынын атап өтті.
Сурет: sn.kz
Танымал актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әкесіне арнаған жазба жариялады. Онда ол әкесіне деген сағынышын жеткізіп, өмірдегі өзгерістері туралы айтты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Актер жазбасында соңғы жылдары өмірге деген көзқарасы өзгергенін, көп нәрсені түсінгенін жеткізді. Сондай-ақ бұрынғы жаман әдеттерінен арылып, өзін тәрбиелеуді және сабыр сақтауды үйренгенін атап өтті.
«Әкешім, өзіңді қатты сағындым… Қазіргі жетістіктерімді көрсең ғой… Мен үшін қатты қуанар едің. Қазір балаң көп нәрсені түсінді, талай нәрсеге көзқарасы өзгерді. Бұрынғы жаман әдеттерін тастады, өзін тәрбиелеуді, сабыр сақтауды, өмірге басқаша қарауды үйренді. Ендігі мақсаты – алған тәжірибесімен басқалармен бөлісу. Әкешім… бәрі үшін рақмет», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары актердің жазбасына пікір білдіріп, оның әкесіне қатты ұқсайтынын атап өтті.
