«Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды
«Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымында басты марапатты жеңіп алды. Жезқазғанда өңірлік кезең қорытындысы шығарылды.
Фото: Қазақмыс
13 қарашада Жезқазғанда «Парыз–2026» және «Еңбек жолы» байқауларының өңірлік кезеңінің қорытындысы жарияланды. Бұл байқаулар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және еңбек адамдарының кәсіби жетістіктерін насихаттауға бағытталған. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында «Қазақмыс» Тобының кәсіпорындары мен корпорация қызметкерлері бар.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымында «Қазақмыс» басты марапатты жеңіп алды. Салтанатты рәсімде корпорацияның Ұлытау облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі атап өтілді. Әсіресе 2025 жылы Жезқазған қаласында ашылған «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне ерекше назар аударылды. Аталған нысан өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік әлеуметтік жоба деп танылды.
Сонымен қатар Қазақмыстың Кенгір су қоймасының жағалауын қайта жаңғырту, «Жастар» саябағын абаттандыру, Ұлытау университетінің инфрақұрылымын дамыту және «Намыс» спорт академиясын салу сияқты қазіргі таңда жүзеге асырып жатқан бастамалары ерекше назарға алынды.
Бұдан бөлек, байқау қорытындысы бойынша «Қазақмыс» Тобының кәсіпорындары мен корпорация қызметкерлері марапатқа ие болды.
«Парыз–2026» байқауы:
🔹«Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС – ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Әлеуметтік жауапты үздік кәсіпорын» аталымы бойынша жеңімпаз;
🔹«Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС – ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша жеңімпаз;
🔹«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – «Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша алғыс хат;
🔹«Kazakhmys Smelting» ЖШС – «Әлеуметтік жауапты үздік кәсіпорын» аталымы бойынша алғыс хат;
🔹«Адал Еңбек» ЖШС – «Әлеуметтік жауапты үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымдары бойынша алғыс хат.
«Еңбек жолы» байқауы:
🔹Жанқоразовтар еңбек әулеті (Сәтбаев қаласы) – «Үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша бірінші орын. Үш буыннан тұратын әулеттің 13 өкілінің жалпы еңбек өтілі – 366 жыл;
🔹Дәурен Тілекен, «Жыланды» кеніші «Қарашошақ» шахтасы учаске басшысының орынбасары – «Өндірістің үздік жас маманы» аталымы бойынша бірінші орын;
🔹Серік Кеңесов, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының Өңірлік бірыңғай қойма шаруашылығы № 2 базасының тиегіш машинасының жүргізушісі – «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» аталымы бойынша Ұлытау облысы әкімінің алғыс хаты.
