Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді • Тоқаев 24 қарашаға дейін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тапсырды • Ұлытауда жаңа рухани орталық ашылды: мешіт құрылысына «Қазақмыс» қолдау көрсетті • «Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО) • «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді • Тоқаев 24 қарашаға дейін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тапсырды • Ұлытауда жаңа рухани орталық ашылды: мешіт құрылысына «Қазақмыс» қолдау көрсетті • «Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО) •

    «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді

    «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді

    Фото: Мүфтият

    «Ауызашарға келіңіз», «сәресіге тұрайық», «қалайсың, бауырым?» – көпшілікке түсінікті, күнделікті қолданыстағы тіркестер. 10 қарашада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дінге қатысты бұрыннан қалыптасқан сөздердің орнына арабша атауларды жиі қолдану мәселесін көтерген еді, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Намазда Құран аяттарын араб тілінде оқудың құлшылықта өзіндік орны бар. Ал күнделікті әңгімеде, уағызда немесе намаз кестесінде қазақ тілінде орныққан атауларды қолдану айтылған ойды көпшілікке түсінікті етеді.

    «Ауызашар» мен «сәресі» – ораза дәстүрімен бірге орныққан сөздер

    Қазақ тілінде «ифтар» ұғымын «ауызашар», ал «сухурды» «сәресі» деп атаймыз. Бұл сөздер халқымыздың ораза ұстау дәстүрімен біте қайнасқан. «Ауызашарға келіңіз» десек, ораза ұстаған адамды ауыз ашатын дастарқанға шақырғанымыз түсінікті. «Сәресіге тұрайық» деген сөзден таң атқанға дейін ас ішуді меңзеп тұрғанымызды білеміз.

    Бес уақыт намаздың атаулары да қазақ тілінде орныққан. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының намаз кестесінде олар «таң», «бесін», «екінті», «ақшам», «құптан» деп көрсетілген. (muftyat.kz)

    «Бауырым» деген сөзде жақындық бар

    Күнделікті тілдесуде «ахи», «ухти», «аби», «абла», «брат», «сестра» деген сөздер де кездеседі. Қазақ тілінде жақындық пен құрметті білдіретін «бауырым», «ағам», «інім», «әпкем», «апам», «қарындасым» сияқты сөздер бар. «Ағам» деп үлкенге ізет білдірсек, «бауырым» деп жақын тартып сөйлейміз.

    «Аманатқа қиянат жасама», «кісі ақысын жеме», «обал болады», «сауап болады» деген сөздер арқылы үлкендер ұрпағын адалдыққа, жауапкершілікке, жанашырлыққа баулыған. Балаға «кісі ақысын жеме» дегеннің өзгенің еңбегін бағалауға, ал «аманатқа қиянат жасама» дегеннің сеніп тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға үндейтінін күнделікті мысалмен түсіндіруге болады. Сонда бұл сөздердің мәні де ұрпақпен бірге жалғасады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →