Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар қазақстандықтарды алдап, 117 млрд теңгесін үптеп кетпек болған • «Кеттік бәрін таста» фильмінің әні үшін 64 млн теңгеге сотқа шағым түсті • Ресейлік блогер Димашты Германиядағы концертінде орысша амандаспағаны үшін сынға алды • «Шешесін де осылай тас қылдым»: Нұртас Айдарбеков қызға қырындаған ұлымен мақтанды • Мөлдір Анарбаев терезеден шашылған долларға қатысты пікір білдірді • Жарақат алғандар бар: Ақтөбеде дәмхана жарылды • Алаяқтар қазақстандықтарды алдап, 117 млрд теңгесін үптеп кетпек болған • «Кеттік бәрін таста» фильмінің әні үшін 64 млн теңгеге сотқа шағым түсті • Ресейлік блогер Димашты Германиядағы концертінде орысша амандаспағаны үшін сынға алды • «Шешесін де осылай тас қылдым»: Нұртас Айдарбеков қызға қырындаған ұлымен мақтанды • Мөлдір Анарбаев терезеден шашылған долларға қатысты пікір білдірді • Жарақат алғандар бар: Ақтөбеде дәмхана жарылды •

    Алаяқтар қазақстандықтарды алдап, 117 млрд теңгесін үптеп кетпек болған

    Алаяқтар қазақстандықтарды алдап, 117 млрд теңгесін үптеп кетпек болған

    Фото: istockphoto.com

    Ішкі істер министрлігі алаяқтардың Қазақстан азаматтарын алдап, 117 млрд теңгені үптеп кетпек болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ведомство мәліметінше, қазір алаяқтарға қарсы жаңа технологиялар енгізіліп, заң күшейіп жатыр. Соның нәтижесінде соңғы үш жылда интернет-алаяқтық 40 пайызға азайған көрінеді. Ал биылдың өзінде, яғни тоғыз ай ішінде бұл көрсеткіш 20,8 пайызға азайыпты.

    «Қазір еліміз киберқылмысқа заң талаптарын күшейту арқылы ғана емес, заманауи технологиялардың көмегімен де қарсы күресіп жатыр. Полиция, банктер, байланыс операторлары мен IT-компаниялардың өзара біріккен жүйесі құрылды», – делінген ІІМ хабарламасында.

    Министрлік Ұлттық банктің Антифрод-орталығының бірыңғай желісіне 200-ден астам ұйым қосылғанын хабарлады. Соның арқасында алаяқтар үптеп кетпек болған 117 млрд теңгеден астам ақша бұғатталыпты. Ал алаяқтарға алданып қалғандардың 5,9 млрд теңгесі қайтарылған екен.

    Қазақстандықтарды алдамақ болғандар 187 млн рет қоңырау шалыпты. Осы жолда пайдаланылған 33 мыңнан астам сайт, оның ішінде 8 мыңнан астам фишингтік сайт бұғатталған. Сол сияқты алаяқтық жолда қолданылған 13 мыңнан астам SIM-карта тәркіленген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →