Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Отбасымды сақтап қалғым келеді»: Танымал әзілкеш әйелінің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады • БАЛА ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН АШЫҚ ЛЮК: СТЕПНОГОРСК ӘКІМДІГІНЕ ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМ АЙТТЫ • Қазақстандық киногерлер «Гауһар көбелек» киножүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті • Жасөспірімдер Олимпиадасындағы айқас: Бибарыс Әшірбай алтын үшін айқаста жеңіліп қалды • Алматыда туристер тауға шығамын деп үсіп қалған • Әлемді шулатқан миллиардер: Трамп Nvidia басшылығына Тим Кукты ұсынды • «Отбасымды сақтап қалғым келеді»: Танымал әзілкеш әйелінің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады • БАЛА ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН АШЫҚ ЛЮК: СТЕПНОГОРСК ӘКІМДІГІНЕ ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМ АЙТТЫ • Қазақстандық киногерлер «Гауһар көбелек» киножүлдесінде екі номинация бойынша жеңіске жетті • Жасөспірімдер Олимпиадасындағы айқас: Бибарыс Әшірбай алтын үшін айқаста жеңіліп қалды • Алматыда туристер тауға шығамын деп үсіп қалған • Әлемді шулатқан миллиардер: Трамп Nvidia басшылығына Тим Кукты ұсынды •

    «Отбасымды сақтап қалғым келеді»: Танымал әзілкеш әйелінің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады

    «Отбасымды сақтап қалғым келеді»: Танымал әзілкеш әйелінің жазбасынан кейін мәлімдеме жасады

    Фото: видеодан скрин

    Әзілкеш Мансар Орынхан жұбайы Нұрайым Халиланың отбасындағы жағдай туралы жазбасынан кейін пікір білдірді. Ол ажырасқысы келмейтінін және шаңырағын сақтап қалуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Бұған дейін Нұрайым Халила күйеуі алты күн бойы үйге келмегенін және өзін барлық жерде бұғаттап тастағанын жазған. Сондай-ақ үш баласымен баспанасыз қалғысы келмейтінін айтып, үйден кетпейтінін мәлімдеген.

    Ал Мансар Орынхан отбасы өзі үшін ең үлкен байлық екенін жеткізді.

    «Ешқандай отбасы ажыраспасын, балалар жетім қалмасын. Алладан тек соны тілеймін. Менің ең үлкен байлығым – менің отбасым. Мен отбасымды сақтап қалу үшін барлығын жасаймын. Жасап та жүрмін. Ақша мені өзгертпеді. Әзілкеш болсам да, ақымақ емеспін», – деп жазды әзілкеш.

    Ол отбасындағы жағдайдың реттелгенін де айтып, күндіз-түні еңбек етуінің басты себебі отбасы екенін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →