Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін сақталатын бірыңғай цифрлық архиві құрылды • Жәнібек Әлімханұлы жаңа чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады • PANA жобасы: зорлықтан қорғайтын сенім нүктелері • Димаш Меридада қазақ әндерін шырқатып, Мексика мен Қазақстан туларын көтерді • Шомуродов Өзбекстанның Ресейден жеңілу себептерін атады • Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды • Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін сақталатын бірыңғай цифрлық архиві құрылды • Жәнібек Әлімханұлы жаңа чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады • PANA жобасы: зорлықтан қорғайтын сенім нүктелері • Димаш Меридада қазақ әндерін шырқатып, Мексика мен Қазақстан туларын көтерді • Шомуродов Өзбекстанның Ресейден жеңілу себептерін атады • Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль алды •

    Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін сақталатын бірыңғай цифрлық архиві құрылды

    Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін сақталатын бірыңғай цифрлық архиві құрылды

    Алматыда орталықтандырылған телерадиологиялық жүйе іске қосылды. Ол дәрігерлерге түрлі медициналық ұйымда түсірілген пациенттердің диагностикалық суретін көруге мүмкіндік береді. Енді басқа емханаға барған кезде тұрғындарға рентген суреттері мен дискілерін өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

    Қазіргі уақытта жүйеге 69 медициналық ұйым мен 216 диагностикалық аппарат қосылған. Цифрлық архивте 800 мыңнан астам зерттеу нәтижесі жинақталып, 1 миллионнан астам науқас тіркелген.

    Жаңа жүйенің басты артықшылығы – медициналық суреттерді 25 жылға дейін сақтау мүмкіндігі. Дәрігерлер әр жылдары жүргізілген тексеру нәтижесін салыстырып, науқастың денсаулығындағы өзгерісті бақылай алады. Сондай-ақ бұрын түсірілген суретті пайдалану арқылы қажетсіз қайталама тексерулердің алдын алуға мүмкіндік бар.

    Бұл әсіресе онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және созылмалы аурулары бар, үнемі тексеріліп тұруды қажет ететін науқастар үшін маңызды.

    Жүйені енгізудің алғашқы нәтижелері Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде қаралды.

    «Жүйе сәулелік диагностиканың негізгі бағыттарын біріктіреді. Олардың қатарында рентгенография, флюорография, маммография, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, сондай-ақ ангиография бар», – деді ол.

    Үш ай ішінде жүйеде 603 467 зерттеу тіркелген. Цифрлық архивпен жұмыс істеу үшін рентгенолог дәрігерлерге арналған 113 жұмыс орны және сонша диагностикалық монитор орнатылған.

    Бұдан бөлек, ахуалдық орталық тексерулер санын, медициналық ұйымдардың жүктемесін, дайындалған қорытындылар санын және жүйеге қосылған мекемелердің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді.

    Жиын соңында Марат Пашимов 2026 жылдың соңына дейін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында қызмет көрсететін жекеменшік клиникаларды бірыңғай жүйеге қосуды тапсырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →