Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Бибісара Асаубаева үздік бестікке кірді

    Бибісара Асаубаева үздік бестікке кірді
    Фото: sports.kz

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour турнирінің екінші ойын күнінде америкалық гроссмейстер Уэсли Сомен екі партияны да тең аяқтады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Осылайша, қазақстандық шахматшының еншісінде екі ұпай бар. Топ көшін төрт ұпаймен француз Максим Вашье-Лаграв бастап келеді.

    D тобының екінші ойын күнінен кейінгі турнирлік кестесі:

    1. Максим Вашье-Лаграв (Франция) – 4 ұпай
    2. Ханс Моке Ниманн (АҚШ) – 2 ұпай
    3. Арджун Эригайси (Үндістан) – 2 ұпай
    4. Уэсли Со (АҚШ) – 2 ұпай
    5. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) – 2 ұпай
    6. Вайшали Рамешбабу (Үндістан) – 1 ұпай

    Классикалық шахмат кезеңіндегі ұпай саны бойынша Асаубаева өзбекстандық Нодирбек Абдусатторовтан да алда тұр. 2025 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы А тобында әзірге бір ұпай ғана жинап, соңғы орында келеді.

    Жалпы жүлде қоры 650 мың долларды құрайтын жарысқа 24 гроссмейстер қатысып жатыр. Топтық кезеңде шахматшылар өзара екі партиядан ойнайды. Жеңіске үш ұпай, тең ойынға бір ұпай беріледі. Жартылай финалға әр топтың жеңімпазы ғана жолдама алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →