Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Қайта ораламын»: Ақан Сатаев Атырауда ауруханаға түсіп қалды

    «Қайта ораламын»: Ақан Сатаев Атырауда ауруханаға түсіп қалды

    Қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаев Атырау қаласындағы кардиологиялық орталықта ем қабылдап жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол өзінің «Қан мен серт» фильмінің түсірілім алаңына жақын арада оралатынын жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Режиссер денсаулығына қатысты жағдайын Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялаған. Алайда ауруханаға түсуінің нақты себебін әзірге айтпады.

    «Құрметті достар! Қазір мен Атырау қаласындағы @atyrau.cardio.center жатырмын. Себебін кейінірек айтармын. Ең бастысы — жақын арада бұл центрден шығып, «Қан мен серт» фильміміздің түсірілім алаңына қайта ораламын. Аллаға шүкір!» – деп жазды Ақан Сатаев.

    Сондай-ақ режиссер Атыраудағы кардиологиялық орталықтың медицина қызметкерлеріне көрсеткен көмегі мен қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді.

    «Осы орайда, осы тамаша кардиология орталығының барлық дәрігерлеріне, қызметкерлеріне және басшылығына жоғары кәсібиліктеріңіз бен науқастарға деген ерекше қамқорлықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді!» – деді ол.

    Айта кетейік, осыдан кейін режиссердің Бейімбет Майлиннің «Күлпаш» әңгімесінің желісімен түсірілген фильміне қатысты хабарлама жарияланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →