Рүстем Жаныаманов ұлының қазасынан кейін жан сырын ақтарды
Актер Рүстем Жаныаманов ұлының қазасынан кейін әлеуметтік желіде жан сырын ақтарып, жұбайы Жанаргулге қолдау білдірген желі қолданушылары жылы лебіздерін жаудырды.
Фото: коллаж politico.kz
«Келінжан» телехикаясындағы Қылышбек рөлімен көпшілікке кеңінен танылған актер Рүстем Жаныаманов ұлының қазасынан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Естеріңізде болса, былтыр өнер иесінің тұңғыш ұлы өмірден өткен болатын. Ауыр қайғыдан есеңгіреп қалған актер ұзақ уақыт бойы көпшілік ортасына шықпай кеткен еді.
Алайда жақында ол желідегі парақшасында: «Дүниенің ағын да, қарасын да, Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да…», — деп жазба қалдырды.
Көпшілік актердің бұл сөздерін ауыр қазадан кейін ес жиып, қайта бас көтеруі деп қабылдады. Желі қолданушылары «Отбасын құрметтейтін нағыз жігіт деп көремін Рүстемді», «Қарасымен шамаң жоқ таласуға…» деп Рүстем Жаныаманов пен оның жұбайы Жанаргулге қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
