Лұқпан Жолдасов Мейрамбек Бесбаевтың тойында көрінді
Лұқпан Жолдасов Мейрамбек Бесбаевтың тойында көрініп, ел назарына ілікті. Мөлдір Әуелбекова әншіге арнап «50 жас!» деп жазба қалдырды.
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova
Әнші әрі продюсер Лұқпан Жолдасов Мейрамбек Бесбаевтың тойында бой көрсетіп, ел назарына ілікті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бұған дейін Лұқпан Жолдасов «Каспий» тобының мүшесі ретінде өнер көрсеткені белгілі. Қазіргі уақытта әнші халық алдына бұрынғыдай жиі шықпайды, көбіне өнер жұлдыздарының тойларында көрінеді.
Лұқпан Жолдасовтың суретін әнші Мөлдір Әуелбекова жариялады. Ол қысқа ғана жазба қалдырып: «Ән ағам, жан ағам! 50 жас! Құтты, берекелі, хайырлы жас болсын!», — деп жазды.
Желі қолданушылары Лұқпан Жолдасовтың өзгергенін жарыса жазып жатыр.
