Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • ҚазҰУ студентінің қазасына қатысты министр пікір білдірді

    ҚазҰУ студентінің қазасына қатысты министр пікір білдірді

    Фото: видеодан скрин
    Қазақ ұлттық университетінде студент қыздың қаза табуына байланысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірді. Ол бұл туралы Құрылтайда өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Министрдің айтуынша, университет өкілдері қайғылы оқиғадан кейін марқұмның әкесімен және қамқоршыларымен байланысқа шыққан. Сондай-ақ студенттің жерлеуіне және өзге де қажетті шығындарға қатысты барлық қаржылық жауапкершілікті университет өз мойнына алған.

    «Біз бірден қамқоршыларымен хабарластық. Университет барлық шығынды өз есебінен өтеді. Қажетті қаражат пен төлемдер де қалпына келтірілді. Қандай да бір көмек қажет болса, марқұмның әкесімен және қамқоршыларымен тікелей байланыстамыз. Өз тарапымыздан атқарылуы тиіс барлық шараны орындадық. Тергеу амалдарына қатысты мәліметтер сотқа дейін жария етілмеуі керек», – деді Саясат Нұрбек.

    Еске салайық, 6 қараша күні кешкі уақытта ҚазҰУ студенттер қалашығында журналистика факультетінің бірінші курс студенті көз жұмған болатын. Ақпарат құралдарының мәліметінше, ол Алматыға Шымкент қаласынан келген.

    Аталған оқиғаға байланысты Алматы қаласының полициясы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →