Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық ғалымдар зерттеу жүргізуге бөлінетін қаржыны күтіп отыр • Алматыда ауызсудан қауіпті бактерия табылды: тұрғындар алаңдаулы • Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты • Қаржылық мониторинг агенттігі Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады • Атырау қаласы әкімінің орынбасары жылы орнын суытты • «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры • Қазақстандық ғалымдар зерттеу жүргізуге бөлінетін қаржыны күтіп отыр • Алматыда ауызсудан қауіпті бактерия табылды: тұрғындар алаңдаулы • Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты • Қаржылық мониторинг агенттігі Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады • Атырау қаласы әкімінің орынбасары жылы орнын суытты • «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры •

    Қазақстандық ғалымдар зерттеу жүргізуге бөлінетін қаржыны күтіп отыр

    Қазақстандық ғалымдар ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржының уақытында түспеуіне байланысты қиындықтарға тап болып отыр. Депутат Лаура Қарабасова бұл мәселені көтерді.

    Қазақстандық ғалымдар зерттеу жүргізуге бөлінетін қаржыны күтіп отыр

    Видеодан кадр

    Қазақстандық ғалымдар ғылыми зерттеулер жүргізуге бөлінетін қаржының уақытында түспеуіне байланысты қиындықтарға тап болып отыр. Бұл мәселені Құрылтай депутаты Лаура Қарабасова көтерді.

    Депутаттың айтуынша, ғылыми жобаларды қаржыландыруға арналған конкурстардың кеш жариялануы және шешім қабылдау мерзімдерінің созылуы ғалымдардың жұмысына кері әсерін тигізуде.

    «Конкурстық рәсімдер қанша кешіксе де, біз осы аралық кезеңді ұмытпауымыз керек. Конкурс жарияланғанға дейін ғалымдарымыз күтіп қалмауы тиіс. Олар конкурстың қашан жарияланатынын, шешімнің қашан қабылданатынын және қаржының қашан түсетінін нақты білуі керек», – деді Лаура Қарабасова.

    Депутаттың сөзінше, бұл мәселені шешу үшін 24 маусымда заңнамалық өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар, тиісті комитет тарапынан да бірқатар ұсыныс әзірленген.

    Қазіргі уақытта ұсыныстар министрлікпен бірлесіп пысықталып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →