Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстандық велошабандоз Олимпиадада алтыннан алқа тақты

    Қазақстандық велошабандоз Олимпиадада алтыннан алқа тақты

    Фото: ҰОК

    Қазақстандық велошабандоз Әнел Тәшбай Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Отандасымыз тасжолдағы велоспорттың жекелей уақытқа жарысында мәреге бірінші болып жетті. Ол қашықтықты 11 минут 32,57 секундта жүріп өтті.

    Күміс жүлде словакиялық Каролина Гайдуковаға (11:37.62), ал қола медаль ресейлік Ангелина Новолодскаяға (11:43.65) бұйырды.

    Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны үшке жетті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медаль иеленген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →