Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: «Халықтық құрылыс» – мазмұны кең, мән-мағынасы терең жоба • Тоқаев қазақ тілі емлесін жаңартуды 2027 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды • Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді • Жетісу облысында 31 жастағы келіншек төртем босанды • Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді • Айқын Төлепберген продюсер Баян Алагөзованың жобасын сынап тастады • Тоқаев: «Халықтық құрылыс» – мазмұны кең, мән-мағынасы терең жоба • Тоқаев қазақ тілі емлесін жаңартуды 2027 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды • Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді • Жетісу облысында 31 жастағы келіншек төртем босанды • Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді • Айқын Төлепберген продюсер Баян Алагөзованың жобасын сынап тастады •

    Тоқаев қазақ тілі емлесін жаңартуды 2027 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің емле ережелері мен орфографиялық сөздігін 2027 жылдың соңына дейін жаңартуды тапсырды. Бұл туралы ол «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайында айтты.

    Тоқаев қазақ тілі емлесін жаңартуды 2027 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды

    Фото: Ақорда

    Қазақ тіліндегі емле ережелері мен орфографиялық сөздікті жаңарту жұмысы 2027 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс. Бұл тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайында берді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президенттің айтуынша, бүгінде қазақ тіліндегі бірқатар сөз бен ұғым әртүрлі нұсқада қолданылып жүр. Мұндай ала-құлалық қоғамда түсінбеушілік туғызып, тілдің бірізділігіне кері әсер етеді.

    «Өкінішке қарай, қазір қазақ тіліндегі кейбір сөздер, ұғымдар, тіпті түсініктер әртүрлі қолданылып жүр. Бұл – жылы жауып қоя салатын жеңіл-желпі дүние емес. Себебі мұндай жағдай жұртты шатастырып, тіл тазалығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан қазақ тілін қолдану ісінде нақты жүйенің, белгілі бір тәртіптің болуына баса мән берген жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысы емле мен ережелерді қайта қарап, барлық сөздікті, соның ішінде орфографиялық сөздікті жаңарту қажеттігін атап өтті.

    «Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен ресми түрде бекітілген Қазақ тілінің орфография сөздігі Кеңес заманында, яғни 1983 жылы шыққан. Әрине, одан кейін де бірнеше сөздік жарық көрді. Алайда олардың ешқайсысы мемлекеттік деңгейде бекітілмеген, заңды күші жоқ. Кейбір көрші мемлекеттерде мұндай ғылыми еңбектер бес жыл сайын жаңартылып отырады. Сондықтан біз де қазақ тілі орфографиясының ғылыми негізін зерделеп, жедел түрде ретке келтіруіміз керек. Осы жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау қажет», – деді Президент.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тіліне сәтті аударылған және қолданысқа енген сөздерді атап өтті. Олардың қатарында «тұжырымдама», «қағидат», «сыйақы», «шәкіртақы», «еңбек өтілі», «жанармай», «босқын», «ғаламтор», «тікұшақ» және «жасанды сана» сияқты сөздер бар.

    Алайда Президент кейбір жасанды аудармалардың қажеттілігіне күмән келтірді.

    «Мысалы, “күйсандық (пианино), қылтима (балкон), субұрқақ (фонтан), себезгі (душ), қырыққабат (капуста), үнқағаз (газет), жеделсаты (лифт), желкөз (форточка)” және тағы басқа жасанды сөздердің қажеттілігі екіталай сияқты», – деді ол.

    Мемлекет басшысы тіл ғылымына қатысты баршаға қолжетімді бірыңғай цифрлық жүйе әзірлеуді де ұсынды. Сонымен бірге кәсіби тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар мен қоғам өкілдерінен арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. Оның жұмысын Президент Әкімшілігі үйлестіреді.

    Тоқаев қазақ тілінің ғылым мен өндіріс тіліне айналуы үшін жоғары оқу орындарында қазақ тіліндегі ғылыми зерттеулерге де басымдық берілуі керектігін айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →