Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйлеп, ана тілі мәселесінің мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Бүгінгі жиынның мәні ерекше. Өйткені ана тілі мәселесі – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып», – деді Мемлекет басшысы.
Ол қазіргі уақытта бүкіл әлемде тіл өзекті әрі нәзік мәселеге айналғанын атап өтті. «Біз осы үрдістің куәсі болып отырмыз», – деді Президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жиында сөз сөйлеген азаматтарға алғыс білдірді. Олар өздерінің мазмұнды ойларымен бөлісті. «Салмақты пікірлер, ұтымды ұсыныстар айтылды. Мұның бәрін мұқият қарап, алдағы жұмысымызда міндетті түрде ескеру қажет», – деді ол.
