Мақпал Жүнісова марқұм күйеуіне ұқсайтын адамды кездестіргенін жазды
Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовке ұқсайтын Аман есімді адамды кездестіргенін әлеуметтік желіде жазды. Желі қолданушылары да ұқсастықты растауда.
Фото: threads.com/zhunusova.makpal
Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовке ұқсайтын адамды кездестіргенін хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Зәкеңе ұқсайтын Аман бауырыммен кездесіп қалдым. Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеп кетті», деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары да ер адамның марқұм Заманбек Нұрқаділовке ұқсайтынын жарыса жазуда.
«Зәкеңнен аумайды! Қаны бар емес пе екен? Дәл өзі, ұқсайды екен. Мақпал сіңіліміз Заманбек ағамыздың ошағының түтінін түтетіп, музей қылып сақтап отыр ғой. Қыздарыңыздың қызығын көріңіз, бақытты болыңыздар! Аумайды екен», деп жазды көпшілік.
