Тұрсынбек Қабатов мерейтойда жалғыз шығып, желіде талқыға түсті
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әнші Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында жалғыз шығып, желі қолданушыларының талқысына түсті. Оның келбеті мен көңіл күйіне қатысты пікірлер жазылды.
Сурет: sn.kz
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әнші Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында көзге түсіп, желі қолданушыларының талқысына түсті. Оның көпшілік алдына жалғыз шығуы жұрттың назарын аударып, түрлі болжамға себеп болды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Желі қолданушылары әзілкештің жеке өміріне қатысты түрлі пікір білдіріп, оның қазіргі келбеті мен көңіл күйіне де назар аударған.
«Тоқалын әкелмеген бе?», «Айман қайда?», «10 әйел алса да жарасады», «Әркім өзі біледі, қалай өмір сүрсе де. Бірақ бұрынғы Тұрсынбек емес. Бұрынғы сенімділігі мен бұрынғы мықтылығы көрінбей қалғандай. Мүмкін, расында да, еркектің артында мықты әйел тұрса, жігерлі болады деген рас шығар. Мөлдірсіз бір әлсіреп қалғандай көрінеді маған. Бұл тек менің ойым ғана», «Тұрсынбек ұнамайды сол қылығынан кейін», «Түрінен солғындық көрінеді», «Өтірік күліп жүргендей, шынайылық жоқ» деген пікірлер қалдырды.
