Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев Әлиевті Жеңіс күнімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзірбайжанның Жеңіс күнімен құттықтап, стратегиялық серіктестік пен Оңтүстік Кавказдағы тұрақтылықты атап өтті.

    Тоқаев Әлиевті Жеңіс күнімен құттықтады

    Фото: akorda.kz

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзірбайжанның Жеңіс күнімен құттықтады. Құттықтауда мемлекет басшысы бұл датаның Әзірбайжан мемлекеттілігі тарихындағы ерекше маңызын, сондай-ақ Оңтүстік Кавказда ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы рөлін атап өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сонымен қатар Президент Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне жоғары баға берді. Ол екі ел халқының игілігі үшін екіжақты қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

    Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысқан болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →