«Зенит» — «Ростов»: Алип ойнауы мүмкін матчтың тікелей трансляциясы
8 қарашада Санкт-Петербургте «Зенит» пен «Ростов» Ресей Премьер-лигасының 14-ші турында кездеседі. Матчтың тікелей трансляциясы 20:30-да басталады. «Зенит» сапында Нұралы Әліп ойнауы мүмкін.
Сурет: sports.kz
8 қараша, жексенбі күні Санкт-Петербургте Ресей Премьер-лигасының 14-ші туры аясында «Зенит» өз алаңында «Ростовты» қабылдайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Зенит» — «Ростов» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады және осы жерде қарауға қолжетімді болады.
Чемпионатта 13 матч өткізгеннен кейін «Зениттің» еншісінде 30 ұпай бар, ал «Ростов» осынша ойыннан кейін 18 ұпай жинаған. Өткен турда Ресей Премьер-лигасында «Зенит» сырт алаңда Самараның «Крылья Советов» клубын 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, ресми матчтардағы жеңіс сериясын сегіз ойынға ұзартты. «Ростов» болса ұлттық біріншіліктегі алдыңғы кездесуінде қонақта Махачкаланың «Динамосын» 3:0 есебімен ірі жеңіліске ұшыратты. «Зенит» пен «Ростовтың» соңғы бетпе-бет кездесуі 17 мамырда Премьер-лигада өтіп, Санкт-Петербург клубының сырт алаңдағы 1:0 есебімен жеңісімен аяқталған. «Зенит» сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді. Ол осы маусымда клуб үшін 14 матч ойнап, нәтижелі әрекеттермен көзге түспеген.
