Закир Найманбаев Power Slap 26 турнирінде Уэс Менаны жеңді
Қазақстандық палуан Закир Найманбаев Эр-Риядта өткен Power Slap 26 турнирінде америкалық Уэс Менаны судьялардың бірауыздан шешімімен жеңді.
Видеодан кадр
Қазақстандық палуан Закир Найманбаев Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен Power Slap 26 турнирінде өнер көрсетті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ол америкалық Уэс Менамен жекпе-жек өткізді. Кездесу Найманбаевтың судьялардың бірауыздан шешімімен жеңісімен аяқталды.
Бұл жекпе-жекке дейін Закир Найманбаев Power Slap ауыр салмақ рейтингінде үшінші орында болса, Уэс Мена дивизионның үздік жекпе-жекшілері арасында сегізінші сатыда тұрған. Биыл Найманбаев пен Мена Power Slap лигасында бұған дейін де кездескен: наурызда қазақстандық судьялардың бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен. Промоушнның негізін қалаушы — UFC президенті Дана Уайт.
