Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ерлан Қарин әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты • «Біреудің әйелін тартып алудан сақтасын»: Олжас Абай мәлімдеме жасады • Астанада мас ер адам зейнеткерді ұрып, оны қорғаған қызға шабуыл жасады • Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 19-орын алды • «Тығырыққа тірелдім»: Айгүл Иманбаева өзіне жасалған сиқыр туралы айтты • Қазақстандықтар азаматтықтан бас тартуды азайтты: 2019 жылы 1700, 2026 жылы 43 өтініш • Ерлан Қарин әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты • «Біреудің әйелін тартып алудан сақтасын»: Олжас Абай мәлімдеме жасады • Астанада мас ер адам зейнеткерді ұрып, оны қорғаған қызға шабуыл жасады • Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 19-орын алды • «Тығырыққа тірелдім»: Айгүл Иманбаева өзіне жасалған сиқыр туралы айтты • Қазақстандықтар азаматтықтан бас тартуды азайтты: 2019 жылы 1700, 2026 жылы 43 өтініш •

    Ерлан Қарин әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты

    Вице-Президент Ерлан Қарин Алматыда әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысып, Президенттің құттықтау хатын оқыды.

    Ерлан Қарин әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты

    Сурет: Ақорда

    Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасына арналған «Философия. Этика. Болашақ» халықаралық симпозиумы өтіп жатыр. Оған Вице-Президент Ерлан Қарин қатысты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әл-Фараби мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық симпозиумды тұрақты түрде өткізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын. Биылғы ғылыми форум осы оқу орнының базасында ұйымдастырылды.

    Симпозиумның ашылуында Ерлан Қарин Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді. Президент құттықтауында ұлы ойшылдардың озық идеяларын терең зерделеп, өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттаудың, сондай-ақ оларды заманауи ғылым тұрғысынан пайымдаудың маңыздылығын атап өтті.

    – Әл-Фараби адамзатқа ортақ мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеп, соңына теңдессіз мұра қалдырды. Оның парасатты адам және қайырымды қоғам туралы тұжырымдары ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Мұның бәрі ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналған «Таза Қазақстан», «Адал азамат» идеяларымен үндеседі, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Симпозиум қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде Вице-Президент әл-Фараби идеяларының қазіргі жаһандану және технологиялық прогресс дәуірінде ерекше өзекті екенін мәлімдеді. Ерлан Қариннің айтуынша, әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи және Абай сынды көрнекті ойшылдардың мұрасы ғылыми қауымдастық тарапынан қызығушылық тудырады және қоғамның рухани-адамгершілік негіздерін нығайту ісінде айрықша рөл атқарады.

    Сондай-ақ Вице-Президент әл-Фараби симпозиумы дәстүрлі ғылыми жиынға айналатынын жеткізді.

    – Президент Түркістанда – Ясауи, Алматыда әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумдарды бұдан былай тұрақты түрде ұйымдастыруды тапсырды. Екі үлкен тұлғаға арналған мұндай жиындар кезекпен екі жылда бір рет өткізілетін болады. Бұл – рухани мұрамызды науқандық емес, институционалдық деңгейде жүйелі, кешенді зерттеуге көшкенімізді көрсетеді. Қазақстан өзінің тарихын, рухани мұрасын зерттеуді, насихаттауды жүйелі түрде қолға алуда. Бұл – ағартушылық бағыттағы үлкен бетбұрыстың белгісі, – деді Ерлан Қарин.

    Форум барысында қатысушылар Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық ілімінің жаһандық гуманитарлық диалогты орнықтырудағы, жалпыадамзаттық құндылықтарды ілгерілетудегі рөлін талқылады.

    Халықаралық симпозиумға еліміздің және шетелдің 150-ден астам ғалымдары, зерттеушілері, сарапшылары, сондай-ақ жетекші халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →